Жыл сайын 20 мыңға жуық адам Қазақстан азаматтығын алуға өтініш береді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл сайын 20 мыңға жуық адам органдарға Қазақстан азаматтығын алу мәселесі бойынша жүгінеді. Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Тәуелсіздік жылдары 1 миллионнан астам адам Қазақстан азаматтығын алды. Ал өткен жылы 22 мың адам, оның ішінде ҚР Президентінің Жарлығымен – 1 375, жеңілдетілген тәртіппен - 20 мыңнан астам адам азаматтық алды. Оның ішінде 17,6 мыңнан астамы қандас мәртебесін алды. Ал 1 287-і Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей арасындағы азаматтыққа қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісім бойынша, тағы 1 777-і тұрмысқа шыққан әйелдің азаматтығы туралы конвенция бойынша азаматтық алды», - дейді Шұғыла Тұрлыбек.

Министрлік БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, 2 жыл ішінде құжаты жоқ және азаматтығы белгісіз адамдарды анықтау және тіркеу бойынша кең ауқымды акция өткізген.

Оның нәтижесінде 8 мыңнан астам адам анықталыпты.

Оның ішінде 5 мың адам Қазақстан азаматы екенін растап, куәлік рәсімдесе, 3 мыңнан астамына азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі берілген.


Соңғы жаңалықтар