Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Жыл басында стрестік активтер көлемі 2,3 трлн теңге болды - Мәдина Әбілқасымова

2022 жылғы 23 маусым 10:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2017 жылдан бастап төлемге қабілетсіз 8 банктің лицензиясы қайтарылды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер туралы заң жобасын талқылау кезінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасының негізгі мақсаты - стрестік активтердің өтімді нарығын дамыту және оларды экономикалық айналымға тарту үшін жағдай жасау.

«2017 жылдан бастап жекелеген банктердің қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарлама іске асырылған сәттен бастап 977 млрд теңгеге қосымша провизия қалыптастырылды, 1,4 трлн теңгеге проблемалық қарыздар есептен шығарылды және 5,4 трлн теңгеге жаңа қарыздар берілді», - деді М. Әбілқасымова.

Сонымен қатар ол 2017 жылдан бастап агенттік төлемге қабілетсіз 8 банктің лицензиясын қайтарып алғанын айтты.

«2017-2021 жылдар аралығында қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы 6,7 трлн теңге сомаға стрестік активтер есептен шығарылды. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша стрестік активтер мөлшері 2,3 трлн теңгені немесе банк жүйесі активтерінің 6% құрады», - деді агенттік басшысы.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары