Жыл басынан «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауларына 70 мыңға жуық азамат шағыммен келді

None
None
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылдың басынан «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауларына азаматтар тарапынан келіп түскен өтініштер саны күрт артып отыр.

Бұл туралы бүгін партияның Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов мәлім етті.

«Партияның қоғамдық қабылдауларының мәліметтері бойынша, есепті кезеңде өтініш жасаған азаматтар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 мың адамға артты және 69 мың 989 адамды құрады. Өтініштердің 31 пайызы жұмыспен қамту проблемаларына, 28 пайызы консультативтік-құқықтық көмектерге қатысты болса, 7 және 5 пайызы тұрғын үй-коммуналдық сала мен баспанамен қамтуға қатысты проблемалар болып табылады», - деді Ж. Жүкенов.

Оның айтуынша, қоғамдық қабылдаулар жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік органдардың қарауына 12 143 өтініш жолданып, оның 9 210-ы бойынша жауап алынған. «Соның ішінде өтініш берушілердің 40 пайызына жуығының мәселесі оң шешімін тапты, қалғандары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар