Жыл басынан көлік апаттарында 100-ден астам адам көз жұмған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері жол апаттарында 100-ден астам адамның өмірін қиылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, ел жолдарындағы жағдай күрделі болып қалуда. Қаңтар айының басынан бері жол апаттары 100-ден астам адамның өмірін қиды және 400-ге жуық адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Соңғы аптада болған сондай апаттардың бірінде Атырау облысының Доссор-Құлсары-Бейнеу автожолында Honda Odyssey автокөлігі ме ВАЗ-2пты. Бір адам ауруханаға түсті. Қызылорда облысында 15 қаңтарда Арал-Қазалы автожолында Mazda NPV көлігінің жүрбағыттағы Volvo көлігіне соғылып, салдарынан 8 адам қаза тапты. 18 қаңтарда Жамбыл облысындағы Саудакент-Жаңатас автожолында «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі бұрылыста жол бермей, Audi А6 көлігімен түйісті. Апат салдарына төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға түсті. 19 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында Омбы-Майқапшағай автожолында Киа Rio автокөлігінің жүргізушісі Mitsubishi Outlander көлігіне түсті», -деп жазылған ІІМ ресми мәліметінде.

Әкімшілік полиция комитеті көл тізгіндеушілерді қауіпсіз жылдамдық пен ара қашықтықты қатаң сақтауға шақырады.

Автокөлік иелері ауа райының өзгерісін мұқият қадағалап, нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуі керек.


Соңғы жаңалықтар