+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Жыл басынан Қазақстан халқының саны қаншаға артты

2021 жылғы 16 қазан 23:39
Бөлісіңіз:
Жыл басынан Қазақстан халқының саны қаншаға артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқының саны 19 млн 42 мың 100 адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус жұқтырған 126 пациенттің жағдайы өте ауыр - министрлік Пәтерлер шағын: ҚР-да халықтың 26% бес және одан да көп адам болып тұрады

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, елімізде халық саны 19 млн 042 мың 100 адамды құрады. Оның ішінде қалада 11 млн 287 мың 400 адам (59,3%), ауылда 7 млн 754 мың 700 адам (40,7%) тұрады. 2020 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 257,1 мың адамға немесе 1,4% өсті.

Әйелдер жалпы халық санының 51,4%, ерлер 48,6% құрайды.

АХАТ органдары ұсынған мәліметке сәйкес, 2021 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанда 296,5 мың шақалақ дүниеге келген. Бұл, 2020 жылғы қаңтар-тамызға (273,4 мың адам) қарағанда 8,4% көп. Аталған кезеңде елімізде 117,6 мың адам қайтыс болды. Бұл, 2020 жылғы қаңтар-тамызға (93,1 мың адам) қарағанда 6% көп.

Биылғы жыл басынан тамыз айына дейін республикада 1 жасқа дейінгі 2345 нәресте шетінеген. Бұл, өткен жылмен салыстырғанда (2129 шетінеген нәресте) 10,1% көп.

Еске салайық, биылғы 20 маусымда Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны Алматы қаласында дүниеге келген болатын. Отбасын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT