+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Жыл басынан елордада 600-ден астам интернет-алаяқтық тіркелді

2020 жылғы 28 мамыр 16:22
Бөлісіңіз:
Жыл басынан елордада 600-ден астам интернет-алаяқтық тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерде фейк парақшалар ашып, бренд телефондарды арзан бағаға сатамын деп елорда тұрғындарды алдаған 23 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда дәріхананы тонап кетті Түлкібаста бақташы өзіне сеніп тапсырылған қойларды сатып жіберген СҚО-да елді «аруақ шақырып емдеген» екі әйел ұсталды

«Полицейлер интернет-алаяқтық күдігімен жергілікті тұрғынды ұстады. Ол әлеуметтік желіде фейк аккаунттарды құрып, бренд телефондарды арзан бағаға жеткізіп беретінін жариялаған. Атап айтқанда, iPhone смартфондарының соңғы нұсқаларын 200 000 теңгеге ұсынған, ал шын мәнінде бұл телефондар айтарлықтай қымбат тұрады. Ол әлеуметтік желілерге телефондардың суреттерін орналастырып отырған. Қаланың екі тұрғыны күдіктінің құрығына түсіп қалғаны белгілі болды», - делінген қалалық Полиция депатертаментінің мәліметінде.

Анықталғандай, аталған екі адам телефонды жеткізіп беремін деген күдіктінің электронды әмиянына ақшаларын аударып үлгерген. Алайда тауардың бар немесе жоқ екенін тексермеген.

Қазіргі кезде оның осы тектес басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

«Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 620 интернет-алаяқтық тіркелді, оның 80 пайызы онлайн саудаға қатысты болып отыр», - делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT