Жыл басынан елорда аумағында 300 өрт тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 300 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл туралы елордадағы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Сәбит Битаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері елорда аумағында 300 өрт оқиғасы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда мұндай факті 37 пайызға артты. Былтыр осы кезеңде 190 өрт тіркелген еді», - деді С. Битаев онлайн баспасөз мәслихатында.

Осы орайда өрттің негізгі себептерін атады. Атап айтқанда, электрмен істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамаудың 163 оқиғасы, пешті пайдаланудың ережесін бұзудың 67 фактісі тіркелген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қураған шөп пен қамыстың өртенуі көбейген.



Соңғы жаңалықтар