Жыл басынан бері жалпы ішкі өнім 4,3 пайызға өсті - Руслан Дәленов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрлігі Руслан Дәленов Қазақстанның жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 4,3 пайызға өсті. Өсім құрылыс (13,5%), сауда (7,6%) және көлік саласындағы (5,5%) шығарылымның ұлғаюымен қамтамасыз етілгенін атап өту керек. Негізгі капиталға салынған инвестиция 9,7% өсті. Қыркүйекте жылдық инфляция 5,3% құрады (2018 жылдың қыркүйегінде 6,1% болған). Бұл жоспарланған дәліз, яғни 4-6 пайыз шегінде», - деді министр Үкімет отырысында.

Руслан Дәленовтың айтуынша, қантар-тамыз айларында халықтың нақты табысы 6,7% артқан.

«Өнеркәсіп өндірісі 9 айда 3,3% өсті. Өңдеу өнеркәсібі мен кен өндіру өнеркәсібі өсім драйвері болды. Өндеу саласында ең жоғары өсімге жеңіл өнеркәсіпте (19,0%), машина жасауда (18,2%), сусын өндірісінде (15,3%) және фармацевтикада (12,5%) қол жеткізілді. Кен өндіру өнеркәсібінде металл кенін өндіру 13,1 % көбейді. Бұл өсім түсті металл рудасын өндірудің (18,4%) ұлғаюымен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, көмір (-3,1%) және мұнай (-0,5%) өндіруде әлі де төмендеу байқалады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар