Жыл басынан бері жалған нөмір таққан 266 көлік жүргізушісі ұсталды - министрлік

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың алты айында жалған нөмір таққан 266 көлік жүргізушісі ұсталған. Бұл туралы «Қорғау» бағдарламасының қорытындыларын жариялаған ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік мәліметіне қарағанда, жол ережесін бұзғандарды анықтайтын «Қорғау» қосымшасы еліміздің бес қаласында іске қосылған. Оның көмегімен Шымкентте ережені елемеген 1 400 көлік жүргізушісі анықталып, оларға жалпы соммасы 130 млн теңге айыппұл салынған.

«Қорғау» қосымшасының көмегімен жол бойындағы апат пен өлім 3 есе, жарақат алу жағдайлары 2,5 есе азайды. Сондай-ақ, бағдарлама арқылы жалған нөмір пайдаланған 266 көлік жүргізушісі ұсталды. Жалған нөмір тағып, жол ережесін бұзып, жауаптан қашатындар жиіледі», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Осыған байланысты жауапты ведомство жалған нөмір таққандарға қатысты жазаны күшейтпек. Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігі мұндай әрекетке барған жүргізушілерді бір жылға жүргізуші құқығынан айырып, бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды ұсынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін аталған заң жобасын Парламенттің қос палатасы талқылап жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар