Жыл басынан бері тұрмыстық газ салдарынан 16 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері тұрмыстық газ салдарынан 16 адам қаза тапты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жеке проблемалы мәселе тұрмыстық газды пайдаланумен байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу болып отыр. Осы жылдың басынан бері газды тұрмыстық пайдалану нысандарында 51 оқиға орын алып, 88 адам зардап шекті. Оның 16-сы қаза тапты. Газ-техникалық инспекция қызметінің құқықтық негізін қамтамасыз ету үшін «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңға газ-техникалық инспекция қызметкерлеріне газ тұтынужүйесіне қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарға бақылаужүргізу құзіретін жүктейтін тиісті түзетулер енгізілді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта бақылаудың аталған саласындағы тәуекел деңгейі мен тексеру парақтарын бағалау критерийлерін бекіту процедурасы жүргізіліп жатыр. Тұрмыстық газ балондарын пайдалануға тиімді бақылау мәселелерін заңнамалық реттеу бағытында да жұмыс жалғасуда.

«Халықтың ескі және мерзімі өткен баллондарды пайдалануы жағдайды күрделендіріп отыр. Қауіпсіздік талаптарын бұза отырып, таяу маңдағы автогаз құю стансаларынан баллондарын толтыра салуды дағдыға айналдырған», - деді Юрий Ильин.


Соңғы жаңалықтар