+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Жыл басынан бері республикалық бюджетке 1,9 трлн теңге кіріс кірді

2021 жылғы 12 мамыр 10:35
Бөлісіңіз:
Жыл басынан бері республикалық бюджетке 1,9 трлн теңге кіріс кірді

НҰР-СҰЛТАН. Қаз-Ақпарат – Осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 1,9 трлн сомасында кіріс түсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жекешелендіру: Мемлекеттің экономикадағы үлесі 15 пайызға дейін қысқарды Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджет кірістері бойынша есеп берді Бюджетке қатысу: Алматыда құны 1,2 млрд теңге болатын 49 жоба жүзеге асырылды

«Осы жылдың 4 айында мемлекеттік бюджетке трансферттерді есепке алмағанда 3 трлн 217 млрд теңге көлемінде кіріс кірді немесе жоспар 117% атқарылды. Республикалық бюджетке 1,9 трлн сомасында кіріс түсті немесе жоспар 106,7% орындалды. Кірістер бойынша жоспар 120 млрд теңгеге, оның ішінде салық 88 млрд теңгеге асыра орындалды», - дейді Ерлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, асыра орындау негізінен импортқа салынатын қосылған құн салығы, мұнайға экспорттық кеден бажы және корпоративтік табыс салығы есебінен қамтамасыз етілді.

«Импортқа салынған қосымша құн салығы бойынша жоспардың асыра орындалуы біріншіден, өткен жылғы І тоқсанмен салыстырғанда үшінші елдермен импорт көлемінің 9,4% ұлғаюына байланысты болды. Бұл ретте ҚХА-дан импорт ағымдағы жылы І тоқсанда 47,4%-ға немесе 525 млн долларға, оның ішінде тек наурыз айында 2,2 есеге немесе 348 млн долларға артты. Еуразиялық эономикалық одақ елдерінен импортталған автокөлік құралдарының санының 24,3% ұлғаюына байланысты. Шикі мұнайға экспорттар кеден бажының мөлшерлемесінің ұлғаюына байланысты болды. Корпаритивтік табыс салығының асыра орындалуының негізгі себебі – пандемияның экономикаға кері әсер етуіне байланысты өткен жылдың салық бағасының төмен болуы», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT