Жыл басынан бері Павлодар облысында із-түзсіз кеткен 45 адам табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Мұндай нәтижеге еріктілер мен құқық қорғау органдарының бірлескен күш-жігерінің арқасында қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаевтың бастамасымен қоғамдық заңдылық пен тәртіпті қорғауға, азаматтардың іздестіру іс-шараларына көмек көрсетуге, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуға қоғам өкілдері мен еріктілер тобы тартылады.

Павлодар қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері еріктілермен бірлесе отырып, тұрақты түрде іс-шараларды жүргізеді және бұл өте жақсы нәтижелер береді. Қазіргі уақытта Павлодар облысының тәртіп сақшылары 10 еріктілер тобымен тиімді жұмыс жүргізуде. Биыл еріктілер іздестіру іс-шараларын өткізуге көмек көрсетумен қатар, карантин шараларын түсіндіруді де қолдады.

- Бүгін біз облысымыздың еріктілерімен бірге пәтерлерді аралап өтіп, Ертіс өзенінің алқабын күзетіп жатырмыз. Азаматтармен заңның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау туралы түсіндірме әңгіме жүргіземіз. Ол барлық жұмыстар полиция департаментінің басшылығымен, сондай-ақ біздің облыстағы барлық еріктілер ұйымдарының басшыларымен қол қойылған меморандум негізінде жүзеге асырылады , - деді Павлодар қаласы жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Арман Қаптаев.

Полиция еріктілермен із-түссіз жоғалған азаматтарды іздестіру туралы барлық өтініштер үшін үнемі ақпарат алмасып тұрады.

«VITA» ерікті іздестіру тобының жетекшісі Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, 2016 жылы «Павлодар қаласының іздеушілері» үкіметтік емес ұйымдары өңірдің құқық қорғау органдарымен меморандумға қол қойғаннан бері жыл сайын ұзартылып, өзара бірлесіп жұмыс атқарылады.

Із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіру үшін криминалды полиция, сондай-ақ Павлодар қаласының полиция басқармасымен бірге қала көшелерін патрульдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Еріктілер мен құқық қорғау органдарының бірлескен күш-жігерінің арқасында жыл басынан бері шамамен 45 адам табылған.

Тәртіп сақшылары мен еріктілер қоғамның игілігі азаматтарды карантин кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, мүмкіндігінше үйде болуға және өздерін және жақындарын қорғауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар