Жыл басынан бері отбасында жанжал шығарған 4 мыңнан астам адам қамауға алынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 3 айда отбасында зәбір көрсеткер агрессорларға қатысты 17,5 мың әкімшілік хаттама сотқа жолданды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылғы 3 айда жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 26 мыңға жуық қорғау нұсқамасы шығарылды. Агрессорларға қатысты 17,5 мың әкімшілік хаттама сотқа жолданды», - деді Ренат Зұлқайыров.

Оның мәліметінше, аталған істер бойынша сот шешімімен кінәлілерге келесі жаза түрлері қолданылды:

– 4 мыңнан астам адам қамауға алынды;

– 3 мыңға жуық адамға ескерту жасалды;

- 543 адамға айыппұл салынды.

«Полицияның өтініші бойынша соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 4 мың ерекше талап орнатып, 2,6 мың алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынды. Олардың барлығын учаскелік полиция инспекторлары, құқық бұзушының мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін профилактикалық есепке қойды. Нәтижесінде, белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін 2 мың «отбасылық тирандар» әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп тоқталды ол.

Сондай-ақ, Ренат Зұлқайыров отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарының 60% полицияға арыз түсіруден бас тартатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар