Жыл басынан бері отандық құрылыс материалдары 16%-ға қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар-сәуір айларында отандық құрылыс материалдары 16%-ға қымбаттаған. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-мамыр айларында бастапқы тұрғын үй бағасының өсуі 8%-ды құрады. Екінші қайталама тұрғын үй бағасының өсуі – 13%. Отандық құрылыс материалдарының бағасына келсек, биылғы қаңтар-сәуірде өсім 16% болған», - деді С. Жұманғарин бүгінгі Үкімет отырысында.

Тұрғын үйдің шаршы метрінің өзіндік құнының 49%-ы құрылыс материалдарынан тұрады, олардың негізгілері кірпіш, темірбетон бұйымдары, металл конструкциялар болып отыр.

«Жыл басынан бері бағаның өсуі бетонға 12%, цементке – 5%, (ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі 100%), полиэтиленді құбырларға – 10% (нарықтың қамтамасыз етілуі – 86%), силикатты кірпішке – 6%, ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі 50%-дың өзінде арматура, шыны сияқты импортқа тәуелді материалдар бағасының ең көп өсуі байқалады», - дейді С. Жұманғарин.

Құрылыс материалдар нарықтарының қатысушылары хабарлағандай, қымбаттаудың негізгі себептері электр энергиясының, магистральдық теміржол желісі мен жанар-жағармай материалдары қызметінің көтерілуі болған.


Соңғы жаңалықтар