Жыл басынан бері «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдауына 48 мың 258 өтініш келіп түсті

None
None
күйектің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жыл басынан бері «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдау бөліміне 48 мың 258 өтініш келіп түсті.

Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты Қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысына байланысты өткен брифингте Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дарханбек Жанділдин осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Брифинг барысында Д. Жанділдин азаматтардың шағымдары негізінде партияның қабылдау бөлімдері өкілетті органдармен тығыз қарым қатынас жасап отырғанын айтып, мемлекеттік органдардың тарапынан «Ашық есік күндері» секілді шаралардың да өткізілгенін атап өтті. Бөлім меңгерушісінің айтуынша, қазіргі күні партияның  республикалық қабылдау бөлімінен басқа, 16 аймақтық, 250 аумақтық қоғамдық қабылдау орындары жұмыс істеп тұр. «Ағымдағы жылдың тамыз айында партияның Қоғамдық қабылдау бөліміне барлығы 9 мың 773 өтініш келіп түскен, оның 4 мың 130-ы жазбаша өтініш болып табылады. Сонымен бірге, жыл басынан бері Қоғамдық қабылдауға - 48 мың 258 өтініш түссе, соның 21 мың 924-і жазбаша болып отыр. Бұдан басқа Қоғамдық қабылдау орындарына жыл басынан бері келген хаттардың ішінде 21 мың 661 өтініш өкілетті органдардың қарауына жіберілген. Оның 7 мың 672-сіне оң шешім шығарылып отыр», деді Д. Жанділдин.

Соңғы жаңалықтар