Жыл басынан бері миллиардтаған теңгенің жалған купюралары тәркіленді - Мемлекеттік кірістер комитеті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері тәркіленген 1000, 2000, 5000, және 10 000 теңгелік жалған купюралардың жалпы сомасы 2,2 млрд. теңгені құрады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комитеттің ресми өкілі Мұрат Жұмабайдың айтуынша, бұрын жалған бір купюра дүкенде, я болмаса басқа жерде анықталса, оны бірден тәркілеп, айналымнан шығарып тастайтын. Қылмыстық істерді көп жағдайда аяғына дейін жеткізген жоқ. Себебі жалған ақшаны кім және қалай өткізгенін анықтау қиынға соқты.

"Қазір бір жалған купюра анықталған жағдайда бірден қылмыстық іс қозғалады. Ол үшін экономикалық тергеу қызметінде арнайы құрылым бар. Сол жерде мамандар әрбір купюраны сараптамадан өткізіп, ортақ белгілері бойынша жалған ақшаның таралған жерін анықтайды. Негізгі мақсат - ол ақшаның цеxын анықтау", - дейді М.Жұманбай.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен ұялы мессенджерлер арқылы «Мәңгілік ел» сериясымен шыққан жалған 1000 теңге купюралары туралы видео тараған болатын.  

Алайда бүгін Ұлттық банк жалған ақша жөніндегі видеоға қатысты түсініктеме берді.

Соңғы жаңалықтар