Жыл басынан бері меморгандар бірде-бір шетелдік көлік сатып алмады - Қазавтоөндіріс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 тоқсанында Қазақстандағы мемлекеттік органдар қызметтік қажеттілік үшін бірде-бір шетелдік көлікті сатып алмаған. Меморгандардың көлік бойынша қажеттігін отандық автоөндірушілер жауып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік мекемелер бірде-бір шетелдік көліктерді сатып алмады. Мемлекеттік сатып алу арқылы тендер бойынша мемлекеттік органдар көліктерді қазақстандық кәсіпорындардан алды. Бұл ретте Премьер-Министрге, Қаржы министрлігі мен Мәжіліс депутаттарына, отандық өндірушілердің мүддесін қорғап жүрген барлығына алғыс айтқымыз келеді. Осының арқасында шетелдік көліктерді сатып алу мөлшері барынша азайтылып, 100 көліктің 97-сі отандық кәсіпорындардан сатып алынған еді. Мемлекеттік сатып алулар бұл ретте димамиканы сақтап қалуға мүмкіндік бергенін атап өту керек», - деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Қазавтоөндіріс» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы» ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферов.

Оның айтуынша, қазақстандық автоөндірушілер мемлекеттік органдардың қызметтік көліктері бойынша сұранысты 100 пайыз жапқан.

Аталмыш баспасөз мәслихатында жергілікті құрастырылған автокөліктер сегментінде басымдық «АЗИЯ АВТО» АҚ-қа тиесілі (жыл басынан бері аталмыш кәсіпорын 4 500 көлік сатқан) екенін атап өтті. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС 2 619 көлік өткізген. Отандық автоөндірушілердің өнімін өткізу рейтингінде одан әрі «СемАЗ» ЖШС (166 көлік), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (95 көлік), «Hyundai Trans Auto» ЖШС (43 көлік) және «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС (35 көлік) жайғасты.

Соңғы жаңалықтар