+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Жыл басынан бері Маңғыстау өңірінде 62 баланы ит қауып алған

2020 жылғы 26 мамыр 02:20
Бөлісіңіз:
Жыл басынан бері Маңғыстау өңірінде 62 баланы ит қауып алған

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 62 баланы ит қауып алған. Соңғы жағдай Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауыл тұрғынының иті 12 жасар баланың аяғын бірнеше жерінен тістеген. Жарақат алған балаға шұғыл түрде ота жасалып, құтыруға қарсы вакцина салынған.

Осы оқиғадан соң баланың ата-анасы шұғыл медициналық көмекке жүгінді. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ит қауып алған науқасқа барлық тиісті ем-дом жасалды. Оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.

«Жыл басынан бері ит қабу дерегі бойынша 62 бала медициналық көмекке жүгінген болса, өткен 2019 жылы осындай 143 жағдай болған. Маңғыстау облыстық шұғыл медициналық жәрдем станциясына осындай дерекпен Мұнайлы ауданының Басқұдық және Атамекен ауылдары, сондай-ақ Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Сайын-Шапағатов ауылдарынан жиі хабарласады» делінген Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT