Жыл басынан бері «Қытай-Еуропа» маршруты бойынша «Алашанькоу» бекетінен 1900 пойыз өткен

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 2021 жылдың алғашқы төрт айында 1,9 мыңнан астам пойыз «Қытай-Еуропа» жүк тасымалдау теміржол маршруты аясында «Алашанькоу» бекетінен (ҚХР ШҰАА) өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚХР кеден статистикасының деректері бойынша, осы жылдың басынан 1918 жүк пойызы «Қытай-Еуропа» жүк тасымалдау теміржол маршруты аясында «Алашанькоу» БӨБ-інен өтіп, (өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 56,7% көп), 10 млрд доллар сомаға тауар тасымалдаған (жылдың есептеу бойынша 80,5%-дық өсіммен).

Сәуірде «Алашанькоу» БӨБ «Қытай-Еуропа» пойыз қозғалысы іске қосылғаннан бері осы шекара стансасы арқылы бірінші рет айына 500 пойыздық көрсеткіштен асты.

Қазіргі кезде «Алашанькоу» БӨБ арқылы 13 елді қамтитын «Қытай-Еуропа» жүк тасымалдаушы теміржолының 22 маршруты өтеді.


Соңғы жаңалықтар