Жыл басынан бері көлік-логистика саласына салынған инвестиция 1 триллион теңгеден асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы жылдың қаңтар-қазан айларында қойма және көлік саласына салынған инвестициялар 1,1 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 11,6%-ға артық (нақты көлемнің өсімі 8,5%-ға көп), деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom-ға сілтеме жасап.

2021 жылдың ұқсас кезеңінде секторға салынған инвестиция 978 млрд теңгені құраған болатын. Бір жылда 1,9%-ға артқан.

Өңірлік бөліністе көлік-логистика секторындағы инвестициялардың ең көп көлемі – Алматыда. Онда көрсеткіш – 155,2 млрд теңге, жылдық өсім — құндық мәнде бірден 45,2%-ға көбейген. Көшбасшылар үштігіне Атырау (149,5 млрд теңге, жылдық өсім 2,9 есе көп) және Алматы (111,6 млрд теңге, жылдық өсім 24,6%-ға аз) облыстары да кірді.

Саладағы инвестициялардың айтарлықтай өсімі Атырау облысында тіркелді.

Сектордағы ең көп көлемдегі инвестиция кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен қамтамасыз етілді. Көрсеткіш 614,7 млрд теңгені немесе 56,3%-ды құрайды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 223,3 млрд теңгені (бір жылда 22%-ға көп), жергілікті бюджет қаражаты есебінен -114,9 млрд теңгені (бір жылда 9,3%-ға аз) құрады. Банктік емес қарыз қаражаты 50,1%-ға, яғни 102,1 млрд теңгеге дейін қысқарды. Банктік қарыздар, керісінше, 3,1 есеге, 36,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды.


Соңғы жаңалықтар