Жыл басынан бері Көкшетауда көлік иелерінен 123,8 миллион теңге көлемінде салық қарызы өндіріліп алынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының сот орындаушылары көк тиын салық төлегісі келмейтін көлік иелерін анықтап, қордаланып қалған қарызын заң шеңберінде өндіріп алуда.

Бұл туралы Ақмола облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекеттік кірістер, ішкі істер және әділет департаменттері арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспарына сай Көкшетау қаласы бойынша жыл басынан бері сот орындаушыларымен 1143 атқару құжаты орындалып, мемлекет қазынасына 123 799 929 теңге өндірілді.

«Қазіргі кезде осындай салық қарызы бар көлік иелерін анықтау бойынша бірлескен рейд өтуде, - дейді Көкшетау қаласының №2 аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Эркін Қабышев.

Шығарылған сот шешімдері бойынша сот орындаушылары жеке тұлғалардың жалақысы және мүлкі есебінен салық қарыздарын өндіретін болады. Сонымен қатар салық қарызын өтемеген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасынын тыс жерлерге шыға алмайды.

Соңғы жаңалықтар