Жыл басынан бері Көкшетауда 1 172 баспана пайдалануға берілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл жылы Ақмола облысында тұрғын үйді қолданысқа беру көрсеткіші артты, оның ішінде Көкшетауда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мəліметі бойынша, биылғы жылдың басынан бері Көкшетау қаласында 1 172 пəтер мен жекелей үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 267 отбасы баспаналы болады деп жоспарланған. Осы орайда, ақмолалықтардың баспана мəселесін шешуде «7-20-25» бағдарламасының септігі тиюде. Ақмола облысы аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру бойынша республикада көш бастап тұр. Бағдарлама қолға алынғаннан бері оған қатысу үшін Көкшетау бойынша 251 өтініш түссе, оның 194-і қолдау тапты.

Жобаны жүзеге асыруға қала бойынша «Эстет строй», «Алуа», «КГС «Сауда» серіктестіктері тәрізді 15 құрылыс компаниясы атсалысуда. Құрылыс материалдарының барлығы дерлік «Регион строй» ЖШС шығарған жергілікті өнімдер. Ипотекалық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру бағытында көпқабаты тұрғын үйлердің инженерлік желілерін салу үшін облыста 2019-2021 жылдарға арналған үш жылдық бағдарлама əзірленді.

«Жалпы, облыс бойынша пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің санын жылдан жылға 380-400 пəтерге арттыру көзделген. Мұның барлығы өңірде ипотекалық нарықтың дамуына жəне ақмолалықтардың қолжетімді баспанамен қамтылуына оң əсер етеді. Бұл көкшетаулықтардың көбісі өз баспанасына қол жеткізіп, өмір сүру сапасын жақсарта алады дегенді білдіреді», - дейді Ақмола облысының ішкі саясат басқармасындағылар.

Соңғы жаңалықтар