+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 900 млрд теңгеге жуық зейнетақы төленді

2021 жылғы 14 мамыр 10:35
Бөлісіңіз:
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 900 млрд теңгеге жуық зейнетақы төленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері қазақстандықтарға 894 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Зейнетақыны пайдалану: Қазақстандықтардың 250 мың өтінімі неге қабылданбады 313 мың салымшы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдаланды Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану көлемі азайып келеді – Ұлттық банк

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар- сәуір айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге - 274,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 620,1 млрд теңге бағытталды.

2021 жылдың сәуір айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,2 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 154,8 млрд теңге бөлінді.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 245 мың адамды құрайды.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 100 мың теңгені құрады.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады.

Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ды, 30 жыл – күнкөріс құнының 94%-ын құрайды.

33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді.

Егер бір ай ішінде МЗЖ бірнеше рет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT