Жыл басынан бері қазақстандықтар микронесиеге 13 мыңға жуық жұмыс орнын ашқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 580,9 мың адам қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың 10 айында 580,9 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды.

Ол арқылы 379,5 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 231,5 мың адамы тұрақты жұмысқа тұрды.

198 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды, оның ішінде 18,6 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 33 мың адам жастар практикасына, 147,1 мың адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыс күші мол өңірлерден 5 360 адам, яғни 1 535 отбасы қоныс аударды.

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,2 мың адам жіберілді, ТжКБ бойынша оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 12 109 микрокредит берілді, оның ішінде ауыл тұрғындары 10 929 микрокредит алды. Микрокредит алушылар 12 738 жұмыс орнын ашты.

«Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 200 АЕК мөлшерінде 38 мыңнан астам мемлекеттік грант беріледі. Ағымдағы жылғы 1 қарашада 34,1 мыңнан астам грант бөлініп үлгерді. Бұдан басқа, 33,2 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар