Жыл басынан бері Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 7 пайызға өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 7164,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткішке қарағанда 7 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Жалпы алғанда, тауар саудалаушы кәсіпорындардың бөлшек саудасы өткен жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 9,7 пайызға артқан, оның ішінде базарда сауда-саттық жасаушы кәсіпкерлер саудасы 3,7 пайызға өсті.

Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы ақпарат бойынша, сауда кәсіпорындарының (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек сауда бойынша тауар қорының көлемі 473,3 млрд теңгені құраған.

Жалпы бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының үлесі - 31,9 пайыз. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар үлесі - 68,1 пайыз. Соған қарамастан, азық-түлік тауарларының өткізілу көлемі 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 6 пайызға кеміген. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 14,8 пайызға көбейді.

Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 15 339,1 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгеймен салыстырғанда 6,4 пайызға артық. Көтерме тауар айналымы құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басымдыққа ие болып отыр. Олардың жалпы үлесі 75,2 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар