Жыл басынан бері Қазақстандағы алтын өндірісі 7,8% артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында өңделмеген және жартылай өңделген не болмаса ұнтақ түріндегі алтын өндірісінің көлемі 39 607 кг-ды құрады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,8 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегіне сәйкес, есепті кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс өндірісінің көлемі 400 235 кг-ға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5% аз көрсеткіш.

Өңделмеген алюминий, алюминий тотығы өндірісінің көлемі 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8% төмендеп, 676 942 тонна болды. Ал өңделмеген тазартылған қорғасын өндірісі 12,4% пайызға азайып, 56 031 тоннаны, өңделмеген мырыш өндірісі 0,9% пайызға кеміп, 136 507 тоннаны құрады. Өңделмеген тазартылған, қоспасыз мыс өндіру көлемі 11,2% пайызға өсіп, 188 185 тоннаға жетті.

Соңғы жаңалықтар