Жыл басынан бері Қазақстанда баспана қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылғы сәуірде жаңа баспананың 1 шаршы метрінің бағасы 263 068 теңгені құрап, 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,1% өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Жайластырылған баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы сәуір айында 186 154 теңге (алдыңғы аймен салыстырғанда 0,2%, былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,3% өскен), ал абаттандырылмаған үйдің 1 шаршы метрі орта есеппен 115 428 теңге (алдыңғы аймен салыстырғанда 0,4%, былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,8% өскен) болды.

Өткен айда Қазақстанда жайластырылған үйдің 1 шаршы метрін жалға алудың орташа бағасы 1341 теңгені (алдыңғы аймен салыстырғанда 0,2%, былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,9% өскен) құрады.

Соңғы жаңалықтар