Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 3,5%-ға өскен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев биылғы 10 айдағы еліміздің экономикалық дамуын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы қаңтар-қазан айларында Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші 3,5%-ды құрады. Осы кезеңде негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторындағы өсу қарқынының жеделдеуі, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс салаларының экономиканың өсуі мен тұрақтылығының драйверлері болып қала беруі, экспорттың жоғары өсім динамикасы, өндіруші емес секторлардағы жоғары инвестициялық белсенділіктің сақталуы байқалды», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, биылғы қаңтар-қазанында нақты сектордағы өсім 2,9% құрады. Ал қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 3,4%-ға дейін өсті.

«Салалар арасында ақпарат және байланыс, сауда, сумен жабдықтау, құрылыс, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетуде», - дейді Ә. Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар