Жыл басынан бері «Қазақмыс» тобы 69,5 мың тонна мыс өндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2014 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша «Қазақмыс» тобы катодты теңгерімде 69,5 мың тонна мыс өндірді. Бұл туралы «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз баянында айтылғандай, биылғы нәтиже бойынша өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда шамалы төмендеу байқалады. Бұл өзіндік құны жоғары учаскелердегі мыс өндіру көлемінің азаюына байланысты. Осы жыл ішінде өндіріс көлемі артады деп күтілуде, бұл 2014 жылы жоспарлы 285-295 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндіруге мүмкіндік береді. «Есепті кезең ішінде өндірілген кен мөлшері 8,6 млн тоннаны құрады, кен құрамындағы мыстың орташа көрсеткіші - 1,03%. Үш айдың ішінде 31,7 мың тонна концентраттағы мырыш өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың бірінші тоқсанындағы өндіріс көлеміне сәйкес келеді. Күміс өндірісі 2,8 млн. унцияны, ал алтын өндірісі 28,2 мың унцияны құрады (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға артық)», - делінген хабарламада. «Жыл басында Топ тұрақты көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Яғни, өндірістік жоспарлардың орындалғанын нық сеніммен айтуға болады. Компания басшылығы бұрынғыдай оңтайлы әрі тиімді өндіріске, соның ішінде өзіндік құны жоғары учаскелерде мыс өндіруді қысқартуға ден қойып отыр. Компания бұған дейін жарияланған қайта ұйымдастыру жұмыстарын табысты жүзеге асыруда және оның алғашқы нәтижесін жылдың екінші жартысында жариялайды»,- деп мәлімдеді Қазақмыс Тобының Бас басқарушы директоры Олег Новачук.

Соңғы жаңалықтар