Жыл басынан бері қаржы пирамидасына ұрынғандар 600 млн теңгеге шығындалған

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылдың 5 айында қаржы пирамидаларына қатысты тіркелген қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер 600 млн теңгеден астам сомаға жапа шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, көрсетілген шығын көлемі күн сайын өзгеріп тұрады. ҚазАқпараттың ресми сауалына жолданған жауапта осылай делінген.

«Ішкі істер органдарында Қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржы пирамидалары) бойынша тіркелген істердің жалпы шығыны 600 млн теңгеден асады. (Бұл сан күн сайын өзгеріп отырады)», - деп жазады ІІМ мамандары.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың 5 айында ішкі істер органдарында қаржы пирамидалары бойынша 27 қылмыстық іс тіркеліп, оның жетеуі ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне жолданған. Компаниялардың үстінен жедел тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 32 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның 14-і қамауда.


Соңғы жаңалықтар