USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2021 жылғы 6 желтоқсан 10:01
Бөлісіңіз:
Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың басынан бері 17,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 17 358 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,7 мың этникалық қазақ оралды.

Биылғы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,2%) Өзбекстаннан, 9,7% – Қытайдан, 6% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 5,7% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%), Маңғыстау (19,1%) және Жамбыл (7,8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны - 55,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші - 28,1% және зейнеткерлер - 16,8% құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,1% жоғары білімді, 40,2% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,1% білімі жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT