Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты 800-ден астам қылмыс жасалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты 821 қылмыс тіркеліп, өсім 4%-ды құрады.

Бұл туралы онлайн брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі бастығының орынбасары Дилбар Төлегенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы жеті жылда қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтардың саны жыл сайын мың фактіге азайып отыр. 2013 жылдан бастап олардың саны төрт есеге азайды. Он бір айдың қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтардың саны 15% -ға кеміді. Сонымен қатар, 2015 жылдан 2019 жылға дейін кәмелетке жыныстық тұрғыдан жасалған қылмыстар саны 35% -ға азайды. Осы жылдың басынан бері осы санаттағы 821 қылмыс тіркелді. Өсім 4%-ды құрады», - дейді бөлім бастығының орынбасары.

Осы жылы қылмыстың көбеюі статистикалық мәліметтерді қалыптастыру тәсілдерінің өзгеруімен байланысты екенін атап өткен жөн. Мысалы, Қарағанды облысы департаментінде кәмелеттік жасқа толмаған қыз бен оның 2007 жылғы құрбысына анасының ағасы және анасымен бірге тұрып жатқан ер адамның зорлық көрсетуіне байланысты қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. 2019 жылдың ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 57 қылмыс жасалды.

«Кәмелетке толмағандар ересек ер адамдармен жыныстық қатынасқа өзара келісім бойынша түскенін атап өткен жөн. Бұл қылмыстардың 40% жуығы 16 жасқа толмағандармен жыныстық қатынас, оның 146-сы (немесе 50% дерлік) полиция денсаулық сақтау органдарымен жұмыс істеу барысында анықтаған және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеулер басталған», - дейді спикер.


Соңғы жаңалықтар