+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Жыл басынан бері интернет алаяқтарға алданғандардың 1 млрд теңге материалдық шығыны өтелді

2021 жылғы 2 тамыз 12:16
Бөлісіңіз:
Жыл басынан бері интернет алаяқтарға алданғандардың 1 млрд теңге материалдық шығыны өтелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері қазақстандықтар 11 мыңнан астам интернет алаяқтық әрекетке тап болған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері 11 мыңнан астам интернет-алаяқтық жасалды. Интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін министрлік халық арасында оның түрлі тәсілдері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізуде. Биылдан бастап ішкі істер органдарының бөлімшелері бұқаралық ақпарат құралдарында алаяқтық жасау тәсілдері мен схемалары, қауіпсіздік шараларын сақтау туралы мыңнан астам жарияланым, оның ішінде жария ету мысалдарын келтіре отырып, жүргізіліп жатқан жұмыс туралы бейнероликтер мен баспасөз релиздерін орналастырды», - деді ІІМ өкілі ведомсвтоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп, несие беру, банк қызметі және мобильді жолмен ақша аудару саласындағы алаяқтықтың алдын алуға бағытталған кешенде шаралар қабылдап жатыр.

Сондай-ақ, департамент бастығы 7 айда осы санаттағы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында жәбірленушілерге миллиард теңгеден астам материалдық залал өтелгенін хабарлады.

Сондай-ақ, Санжар Әділов интернет-алаяқтықтың ең көп таралған тәсілдерге тоқталды. Әсіресе интернетке хабарландыру қойып, соның негізінде тауардың мен қызмет ақысын ішінара немесе толық көлемде алдын ала сұрау жиі кездеседі. Хабарландырудағы баға нарықтағы бағадан арзан екеніне қызыққан тұтынушылар мұндай айлаға оңай алданатын көрінеді. Салдарынан интернет арқылы тапсырыс берілген тауарды жеткізбеу, тапсырыс берілген қызметтерді орындамау бойынша полицияға жиі шағым түсуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT