+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Жыл басынан бері халықты вакциналауға 61 млрд теңге жұмсалған

2021 жылғы 28 шілде 18:08
Бөлісіңіз:
Жыл басынан бері халықты вакциналауға 61 млрд теңге жұмсалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жыл басынан бері халықты вакциналауға қанша ақша бөлінгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау халқының 86 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алды Алматыда бір тәулікте 6,5 мың адам вакцина алды Шығыс Қазақстанға Vero Cell вакцинасының 300 мыңға жуық дозасы жеткізілді

«2021 жылға вакцина сатып алу үшін 95 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған. Соның 61 млрд теңгесі вакциналар мен оны егуге қажет шприц алу үшін жұмсалды. Сонымен қатар, стационалардағы науқастарға көмек көрсетіп жатқан медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін беріліп жатқан қосымша ақша бар. Оның мөлшері өткен айларда 89 млрд теңге болды. Ол ай сайын медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша беріліп отыр», - деді вице-министр.

Ведомство өкілі науқастарды емдеуге қанша қаражат жұмсалғанын да атап өтті.

«Сонымен қатар қаржы коронавирус ауруларын емдеуге, оның алдын алу шараларына бөлініп жатыр. Республикалық бюджеттен коронавирус инфекциясы расталған науқастарды емдеуге 80 млрд теңге жоспарланған. Қазір соның шетінен әрбір медициналық ұйымға бөлініп отыр. Сақтандыру қорынан коронавирусы дәлелденбеген немесе коронавирус пневмониясымен ауырған адамдарды емдеу үшін 17 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған», - деді Ажар Ғинаят.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT