Жыл басынан бері есірткі таратуға қатысты 655 интернет-ресурс анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Интернет арқылы есірткіні өткізу фактілері бойынша 82 қылмыстық іс тікелді. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде есірткінің тарататын интернет-арналарды анықтау маңызды болып тұр. Есірткі таратумен айналысатындар мобильді қосымшалардың мүмкіндігін кеңінен пайдалануға көшті. Осы алаңда олар есірткіні сатып алатындарды тауып, төлемді онлайн тәртіпте жүргізеді», - деді деді А. Мұхаметқалиев онлайн брифинг барысында.

Осы орайда бұл қылмыстық жүйедегі адамдар бір-бірін білмейтінін, барлығы қашықтан басқарылатынын атап өтті.

«Қылмысты ұйымдастыратындар көбінесе басқа елден басқарып отырады. Біздің мамандар интернет кеңістікке мониторинг жүргізіп, есірткі таратуға қатысты ақпаратты қамтитын сайттарды, блогтар мен жарнамаларды анықтайды. Жыл басынан бері осындай 655 интернет-ресурс анықталып, бұғатталды. Интернет арқылы есірткіні өткізу фактілері бойынша 82 қылмыстық іс тікелді. Есірткіні жарнамалау мен насихаттауға қатысты 37 қылмыстық іс аясында тергеу малдары жүріп жатыр»,- деді ведомство өкілі.

Бұдан бұрын хбарланғандай, биыл 4 айда еліміздің аумағында 11 есірткі зертханасы жойылды.

Есірткінің трансұлттық арнасын жою кезінде 13 қазақстандық ұсталды.



Соңғы жаңалықтар