Жыл басынан бері еңбек инспекторлары 5 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 437 кәсіпорнында 7,7 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 943 млн теңгеден астам қарыз бар екенін анықтады, деп хабарлады enbek.gov.kz.

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 388 ұйғарым беріліп, 49 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 654 млн теңге төленді.

Жалақы төлемдері бойынша қалған қарызға қатысты жұмыс жалғасын табады.

Жалпы, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік еңбек инспекторлары 1549 тексеру жүргізіп, 1,8 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу дерегі анықталған және 65,6 млн теңге сомаға айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар