Жыл басынан бері еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 956 кәсіпорнында 24,5 мың жұмыскердің алдында 5,5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 991 нұсқама беріліп, 133,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 23,1 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 5,3 млрд теңге төленді.


Соңғы жаңалықтар