Жыл басынан бері елімізге 1 млн 700 мың ресейлік келді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері елімізге 4 млн 399 мың шетелдік келді. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, биылғы жыл - көші-қон саласы үшін ерекше жыл. Бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да екі жылдан астам уақыт бойы көші-қон процестері коронавирус пандемиясына байланысты тоқтап қалды. Қазақстанда көшіп кету мен көшіп келу үшін жаңа есеп нүктесі 2022 жылғы 11 сәуірде басталды. Бұл күні Қазақстан карантин шектеулерін жеңілдетіп, мемлекеттік шекараның құрлықтағы өткізу пункттері арқылы өту мүмкіндігін ашты», - деді ол ІІМ баспасөз қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, көші-қон үрдісінің келім-кетім өсе бастады.

«Нәтижесінде жыл басынан бері елімізге 4 млн 399 мың шетелдік келді. Оның ішінде: Ресейден - 1 млн 700 мың, Өзбекстаннан 1,5 млн, Қырғызстаннан - 547 мың, Тәжікстаннан 200 мыңнан астам адам. Осы уақыт ішінде Қазақстаннан 4 млн 155 мың шетелдік кетті. Оның ішінде: - Ресей Федерациясының 1 млн 666 мың азаматы; 1 млн. 370 мың Өзбекстан азаматы, 540 мың Қырғызстан азаматы, 196 мың Тәжікстан азаматы», - деді Аслан Аталықов.








Соңғы жаңалықтар