Жыл басынан бері елімізде 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың басынан бері 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республика бойынша барлығы 40 546 тұрғын үй тапсырылды. Тұрғын үйді іске қосу көлемінің өсуі өткен жылмен салыстырғанда республиканың 15 өңірінде жалғасуда. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді.

Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшы - Түркістан (132,0%), Павлодар (127,2%), Алматы (123,2%), Қызылорда (122,4%), Ақмола (116,9%), Жамбыл (114,9%), Атырау (114,1%), Қарағанды (113,9%),Қостанай (105,8%), Ақтөбе (105,5%) облыстары.

«Құрылыс бойынша нақты көлем индексі қаңтар-мамыр айларында 108,8% құрады. 15 өңірде оң динамика байқалады. Көшбасшылар -Қарағанды (153,7%), Атырау (129%), Түркістан (122,5%), БҚО (115,5%), Ақтөбе (112,1%), ШҚО (110,4%), Қостанай (109,9%), Павлодар облыстары (107,8%), СҚО (107,7%), Алматы қ. (105,8%) және Шымкент қаласы (105,1%)», - дейді министр.

Сонымен қатар, ҚР ИИДМ басшысы көлік кешені бойынша 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында нақты көлем индексі 105,3%құрағанын хабарлады. Жалпы алғанда көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемінің 3,7%-ға өсуі байқалады. Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 47%-ға өсіп, 240 мың ЖФЭ құрады (жиырма фунттық эквивалент - жүк КҚ сыйымдылығын өлшеудің шартты бірлігі - ред.).

Көмір мен лигнит өндіру көлемі 95,8% құрады. Негізгі көмір өндіруші кәсіпорындарда көмір өндірудің төмендеуі электр станцияларының көмір өнімдерін тұтынудың қысқаруымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында +23%, машина жасау саласында +16%, фармацевтика өнеркәсібінде +11,6%, дайын металл бұйымдары бойынша +9,2%, құрылыс материалдары бойынша +3,4% өскені байқалады.

Соңғы жаңалықтар