Жыл басынан бері екінші деңгейлі банктердің активтері 111,9 млрд. теңгеге артты - Үкімет отырысы

None
None
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жыл басынан бері екінші деңгейлі банктердің активтері 111,9 млрд. теңгеге артты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Экономиканың нақты секторының өсуі аясында екінші деңгейлі банктердегі депозиттік база кеңейді. Ағымдағы жылдың 2 айында депозиттер 11 пайызға өсіп, 7,5 трлн. теңгені құрады»,-деді министр.

Қ. Келімбетовтің сөзіне қарағанда, ақпанның соңына қарай экономикадағы банктердің несиелері 7, 6 трлн. теңгені құрап, ағымдағы жылдың басынан бері 0,7 пайызға қысқарды.

Соңғы жаңалықтар