Жыл басынан бері депозиттерді долларландыру деңгейі 3,7% төмендеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі елдің депозиттер нарығындағы жағдайы туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Резиденттердің депозитарлық ұйымдардағы салымдарының көлемі 2019 жылдың қазан айының соңында 18,777,2 млрд теңгені құрады, бір айда 3,7% -ға өсті. Заңды тұлғалардың депозиттері 6,1% -ға — 9 973,3 млрд теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 1,1% -ға — 8 803,9 млрд теңгеге дейін өсті», - деп хабарлады Ұлттық банк.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 1,6%-ға — 10 381,1 млрд теңгеге дейін, шетел валютасындағы 6,3% -ға — 8 396,1 млрд теңгеге дейін өсті. Долларландыру деңгейі 2019 жылдың қазан айының соңында 44,7% құрады (2018 жылғы желтоқсанда - 48,4%).

2019 жылдың қазанында заңды тұлғалардың теңгелік депозиттері 1%-ға — 5 389,4 млрд теңгеге дейін, шетел валютасындағы 12,8%-ға — 4584,0 млрд теңгеге дейін өсті (заңды тұлғалардың депозиттерінен 46,0%).

Жеке тұлғалардың теңгелік депозиттері 2 99% артып, 4 991,7 млрд теңгеге жетті. Шетел валютасында керісінше 0,5% -ға — 3 812,2 млрд теңгеге дейін төмендеді (жеке тұлғалардың депозиттерінен 43,3%).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 2,4% өсіп, 12 304,8 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында теңгелік депозиттер 6 908,8 млрд, шетел валютасындағы депозиттер 5396,0 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2% (2018 жылғы желтоқсанда - 7,1%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 9,2% (10,4%) құрады.

Соңғы жаңалықтар