Жыл басынан бері әуе компаниялары 2,6 млн жолаушыны тасымалдады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық әуекомпаниялар биылғы қаңтар-сәуір айларында ішкі бағытта - 2 млн жолаушы (2021 жылы – 2,2 млн, 2020 жылы – 1,2 млн жолаушы), халықаралық бағытта - 622 мың жолаушы (2021 жылы - 468 мың, 2020 жылы - 431 мың) тасымалдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Air Astana» компаниясының жолаушылар ағыны - шамамен 1,1 млн жолаушы, «FlyArystan» - 761 мың және «SCAT» - 630 мыңға жуық жолаушы.

Елдің әуежайларында қызмет көрсетілген жолаушылар саны - 5,1 млн. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9%-ға артық (2021 жылы – 4,7 млн, 2020 жылы – 3,3 млн).

Қазіргі уақытта ішкі әуе рейстерін 5 отандық әуекомпаниясы аптасына 605 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша орындайды.

Халықаралық рейстер 27 елге аптасына 433 рейс жиілігімен 99 бағыт бойынша орындалады.

Бұл - Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Египет, Оңтүстік Корея, Нидерланд, Польша, Армения, Ұлыбритания, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзербайжан, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Үндістан, Иран, Чехия, Греция (1 маусымнан бастап) және Италия (12 маусымнан бастап).

Соңғы жаңалықтар