Жыл басынан бері Атырау облысына Ресейден келген 54 жүргізушіден коронавирус анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына былтырдан бері Қазақстан-Ресей шекарасындағы автоөткелден 80 308 адам өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кооронавирус инфекциясына байланысты шектеу енгізілгеннен бері Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Құрманғазы» автоөткелі арқылы өтушілерге мониторинг жүргізіледі.

«Шектеу шаралары енгізілген кезден биылғы 7 қарашаға дейін Атырау облысына «Құрманғазы» автоөткелі арқылы мемлекеттік шекарадан 80 308 адам өтті. Оның ішінде 14 840 жаяу жүргінші мен 65 468 жүргізуші бар. Облыс аумағына кіруге анықтамасыз келген 411 шетел азаматына тыйым салынды. Анықтамасы болмаған Қазақстан Республикасының 5 759 азаматына Covid-19 инфекциясына қарсы ПТР-тестілеу жүргізілді. Нәтижесінде 54 жүргізуші мен 5 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ал, 7 қарашада аталған автоөткелден 25 жолаушы мен халықаралық бағытта жүк тасымалдайтын 175 жүргізуші өткен. Автоөткелге анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан қауіпті вирусқа қарсы алынған ПТР-тестілеу қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирустен бір адам қайтыс болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар