Жыл басынан бері Астанада 34 келі синтетикалық есірткі тәркіленген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласы полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Сергей Ильиных елорда аумағында синтетикалық есірті айналымы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Полиция департаменті әкімдікпен, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, нашақорлықпен күресу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда. Біз есірткінің ірі партияларын, оның ішінде синтетикалық заттарды сату, жарнамалау және тәркілеу фактілерін ашуға баса назар аударамыз. Айналымнан шамамен 250 келі пихикалық белсендіретін зат тәркіленді. Оның ішінде 34 кг синтетикалық есірткі бар», - деді ол Есіл аудандық полиция басқармасында өткен брифингіде.

Сондай-ақ ол нашақорлықтың алдын алуға үкіметтік емес ұйымдарды тартып жатқандарын атап өтті.

«Волонтерлар мен 15-тен астам спорт ұйымдары нашақорлықтың алдын алуға белсенді түрде атсалысуда. Олармен бірлесіп 170-тен астам профилактикалық іс-шаралар жүргіздік», - деді Сергей Ильиных.

Соңғы жаңалықтар