Жыл басынан бері «Астана -есірткісіз қала» бағдарламасы аясында 93 килә есірткі тәркіленді

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 2‑сі. ҚазАқпарат/Қанат Мәметқазыұлы/  ‑ Елордада жыл басынан бері ұйымдастырылған «Астана‑есірткісіз қала» бағдарламасы аясында 93 килә есірткі заттары, оның ішінде  7 килә героин тәркіленді.

 Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астана қалалық Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Аясын Байділдаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Басқарма бастығының айтуына қарағанда, «Астана -есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасы бойынша атқарылған шаралар нәтижесінде жыл басынан бері 176 қылмыстық іс қозғалған.  Бұның 65‑і есірткі заттарын сату мен таратуға қатысты болып отыр. «Бағдарлама басталғалы бері қала аумағында орналасып, есірткі сатып келген 26 орын,  3 наркопритон, 2 есірткі арналары жойылды. Осы мақсаттағы ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, заңсыз айналымнан 93 килә есірткі заттары алынды. Сондай‑ақ, есепті кезеңде «Шеп» блокпостында заңсыз есірткі тасымалының 102 фактісі анықталып, 52 киләдан астам есірткі тәркіленген», деді А. Байділдаев.

Соңғы жаңалықтар