Жыл басынан бері Алматы облысында 45 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Өткен тәулікте Алматы облысында 246 адамнан коронавирус анықталды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның 37-і 14 жасқа дейінгі балалар.

Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл - 1,2%, Балқаш - 1,0%, Ескелді – 0,9% аудандарында және Талдықорған қаласында – 0,8% байқалады.

Облыс өңірлері арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші: Ақсу-2, Алакөл - 11, Балқаш-7, Еңбекшіқазақ-29, Ескелді–10, Жамбыл–32, Іле-2, Қарасай-20, Қаратал-13, Кеген-1, Кербұлақ - 14, Көксу-4, Панфилов–9, Райымбек-2, Талғар–19, Ұйғыр–2, Талдықорған–65, Текелі-3, Қапшағай қаласы-1.

Сондай – ақ, ауруханадан 39 072 пациент, тәулігіне стационардан 58 адам және КВИ +диагнозы бар 360 адам үй карантинінен шығарылды.

«Жыл басынан бері Алматы облысында 45 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 32 255 адамда ауру белгілері бар», - делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 694 892 мың адам қабылдады. Оның ішінде 39 670 педагог, 23 746 медицина маманы, 12 347 мемлекеттік қызметкер бар. Ал вакцинаның ІІ компонентін 577 935 адам алды.


Соңғы жаңалықтар