Жыл басынан бері алаяқтар елге 3 млрд теңгеден астам шығын келтірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы жылдың 3 айында республикада 4 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді. Бұл туралы ІІМ криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамды цифрландырудың қаншалықты маңызды екенін бәріміз білеміз. Қазір онлайн-режимде мемлекеттік, сондай-ақ банктік және өзге де қызметтерді алуға болады. Өкінішке орай мұны қылмыскерлер, атап айтқанда алаяқтар да белсенді қолданады. Осы жылдың үш айында 4 мыңнан аса интернет-алаяқтық тіркелді. Алаяқтардың әрекеті салдарынан азаматтарға 3 млрд теңгеден астам шығын келді», - деді орталық бастығы министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, интернет-алаяқтықтың ең көп тараған тәсілі – онлайн сауда.

Ол үшін белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнамалар орналастырылады.

«Алаяқтар тауардың немесе қызметтің төмен бағасын көрсетіп, алдын ала төлемді немесе толық төлемді сұрайды. Биыл осындай 2 мыңнан аса қылмыс тіркелді», - деді Жандос Сүйінбай.


Соңғы жаңалықтар