Жыл басынан бері Air Astana ұшақтарына 100 мәрте құс соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Air Astana компаниясының Алматы-Ақтөбе бағытындағы КС 864 рейсі қонатын кезде ұшақтың температураны бақылау құрылғысына құс кіріп кетті. Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Алматы-Ақтөбе КС 864 рейсін орындаған Airbus A321 ұшағының қоршаған орта температурасын бақылап отыратын дачигіне құс түсіп кетті. Жыл басынан бері Air Astana компаниялар тобының ұшақтары осымен 100 рет құстарға соғылды. A320 әуе кемесін тексеруге жіберілген инженердің арқасында кері қайтуы тиіс Ақтөбе-Алматы рейсі бір сағаттан аспайтын уақытқа кешікті», - деп мәлім етті Air Astana компаниясының баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар бүгін тағы бір осыған ұқсас жағдай туралы хабарлап едік.

Онда қонуға бет алған Анталья-Ақтөбе бағытындағы FlyArystan компаниясының ұшағының шассиіне құс кіріп кетті.

Осы оқиғаға баланысты Ақтөбе-Атырау бағытындағы КС 7292 рейсі шамамен 3 сағат 50 минутқа кешікті. Ал Атырау-Ақтау-Атырау бағытындағы KC7275/7276 рейсі 15 сағатқа кешігуі мүмкін.

Бұдан бөлек, 29 тамызда Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан ұшақтың қос бірдей қозғалтқышына құстар кіріп кеткен болатын. Дегенмен авиакомпания қону штатты режимде өткенін хабарлады.


Фото: t.me/PR_AirAstana


Соңғы жаңалықтар