Жыл басынан бері 85 мың баспана пайдалануға берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 9 айында елімізде 85 мың 418 баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 9 айында 110,5 пайызды құрады. Ол өңірлерде құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта жаңғыртуға байланысты құрылыс көлемін арттыру есебінен қамтамасыз етілді. 16 өңірде оң динамика байқалады.

Тұрғын үй құрылысында биылғы 9 ай қорытындысында 9 млн 619 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109 пайыз құрайды.

«Республика бойынша барлығы 85 мың 418 баспана пайдалануға берілді. 14 өңірде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі артты», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар