Жыл басынан бері 8 адамды пойыз қағып кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері көлік полицейлері тыйым салынған темір жол бойына шығып кеткені үшін 2400 азаматты жазалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көліктегі полиция департаментінен хабарланғандай, қауіпті жайлардан сақтандыру үшін департамент қызметкерлері темір жол нысандарында азаматтар өздерін қалай ұстауы керектігін түсіндіруде.

«Әкімшілік басқару полициясы департаментінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері пойыздарды шұғыл тоқтату бойынша 97 факт тіркелген. Олардың ішінде 39 мәрте адамдар үшін, 53 жағдай бойынша мал үшін пойызды тоқтатуға тура келген. Жыл басынан бері көлік полицейлері тыйым салынған темір жол төсеміне шығып кеткені үшін 2400 азаматты жазалады», - делінген департаменттің хабарламасында.

Көлік полицейлері алдын алу жұмыстарын жүргізуге барын салғанымен, темір жолда жарақат алып қалу жағдайы әлі де кездесіп жатады.

«Осы жылы 8 адамды пойыз қағып кеткен. Оның біреуі бала. Мұндай қауіпті жағдайларға тыйым салынған темір жол бойына шығып кету, темір жолдарда, станцияларда жеке қауіпсіздік ережелерін сақтамау жағдайлары себеп болып жатады», - деп хабарлайды Көліктегі полиция департаменті.

Соңғы жаңалықтар